Caspy Tender электрондық сатып алу жүйесінің серверлерінде алдын алу жұмыстары

Caspy Tender электрондық сатып алу жүйесінің жоғары өнімділігін қолдау мақсатында 2022 ж. 7-10 мамыр аралығындағы кезеңде серверлердің алдын алу жұмыстары және қуатын жаңғырту жүргізілетін болады

Резидент емеске Қазақстан Республикасының ЭЦҚ қалай алуға болады

Біздің электрондық сатып алу жүйемізде тіркелу және рәсімдерге қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҚР ҰКО) берген электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болуы қажет.

Осы мәселенің өзектілігін назарға ала отырып, біз серіктесімізбен, «АС және Серіктестер» заң компаниясымен шетелдік заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН) және ЭЦҚ алуы бойынша қызметтер көрсетуді бастадық.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес БСН шетелдік заңды тұлғаға осындай заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркеу кезінде беріледі. Бұл ретте мұндай тіркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген бірнеше негіздер бар. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының резидент банктерінде банктік шот ашу ең қарапайым негіз болып табылады.

Бұдан басқа, ҚР ҰКО ЭЦҚ шетелдік заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының барлық электрондық сауда алаңдарында рәсімдерге қатысуға мүмкіндік береді.

Коммерциялық ұсынысты сұрату үшін «Отправить запрос» батырмасын басу қажет.

“CCX-Mining” ЭСА NADLoC-пен синхрондау алды

"CCX-Mining" ЭСА NADLoC-пен синхрондау алды

29.04.2020 «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің және олардың өндірушілерінің тізілімі» мемлекеттік жүйесінің жұмысымен қатты пайдалы қазбаларға қатысты «Caspy Tender» Электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылын өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісіне қол қойылды.