Чем мы можем помочь вам сегодня?
< Все темы
Print

b. Электрондық сатып алу жүйесінде тіркелу

«Caspy Tender» электрондық сатып алу жүйесіндегі (бұдан әрі – ЭСЖ) рәсімдерге қол жеткізу үшін пайдаланушылар тиісті бөлімде тіркеуден өтуі қажет.

Тіркелу бөліміне кіру үшін сайттың жоғарғы мәзіріндегі «Жүйеге кіру» батырмасын басу керек (1.1 сур. қар.).

сур. 1.1

Пайдаланушыны жүйеде тіркелу келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Жеке тұлғаның тіркеулік жазбасын құру;
  2. Ұйымның тіркеулік жазбасын құру;
  3. Ұйымды аккредиттеу.

Жеке тұлғаның тіркеулік жазбасын құру

«Тіркелу» батырмасын басқаннан кейін пайдаланушы үш қадамнан тұратын жеке тұлғаны тіркеу нысанын толтыруы керек.

Маңызды! Тіркелу компания директорының не атына электрондық цифрлық қолтаңба берілген заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің атынан жүргізілуі тиіс.

Бірінші қадамда – «Тіркелу» батырмасына басамыз және деректерді енгізу нысаны парағына өтеміз. Тегін, атын және әкесінің атын енгіземіз, содан кейін пайдаланушының ЖСН-ін енгізіп, Әрі қарай басамыз.

Екінші қадамда біз жеке сәйкестендіргішті (логинді) енгіземіз немесе жүйенің өзі ұсынған пайдаланушы логинін таңдаймыз.

Маңызды! Осы логиннің көмегімен сіз одан әрі жүйеде авторизациядан өтесіз, сондықтан оны есте сақтауға немесе жазып алуға кеңес береміз.

Құпия сөзді енгіземіз және оны растаймыз, құпия сөздің кемінде 8 таңбадан тұруы, бір бас әріп және бір цифрдан тұруы тиіс екенін еске саламыз. Әрі қарай батырмасын басамыз.

Үшінші қадамда біз байланыс деректерін, мобилді телефонды және электрондық поштаны енгіземіз.

Маңызды! Пайдаланушы келісімімен танысып, оның шарттарын қабылдап, Сақтау батырмасын басу керек (1.2 сур. қар.).

сур. 1.2

Жеке тұлғаны тіркеу нысанын толтырғаннан кейін пайдаланушы тіркелу кезінде енгізілген логин мен құпия сөзді пайдаланып өз тіркеулік жазбасына авторизациялануы керек (1.3 сур. қар.).

сур. 1.3

Сәтті авторизациядан кейін тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға
сілтеме бар хат автоматты түрде жіберіледі Пайдаланушы электрондық
поштаны растау және тіркелу рәсімін жалғастыру үшін сілтеме бойынша өтуі қажет
(1.4 сур. қар.).

сур. 1.4

Пайдаланушы e-mail мекенжайын растау үшін сілтеме арқылы өтуі керек.

Электрондық поштаны сәтті растағаннан кейін ЭСЖ пайдаланушыны автоматты түрде жеке кабинетке бағыттайды.

Электрондық хаттың мысалы (1.5 сур. қар.).

сур. 1.5

Маңызды! сілтеме сіз бұрын жүйеде тіркеуден өткен шолғышта ашық болуы керек.

Ұйымның тіркеулік жазбасын құру

Жеке тұлға құрылғаннан кейін пайдаланушы тіркеудің келесі қадамына, ұйым құруға өтуі керек. Ол үшін Кабинетте «Ұйым» батырмасын шерту қажет →
«Ұйым құру» (1.6 сур. қар.).

сур. 1.6

Ұйымды қосу нысаны 5 қадамнан тұрады (1.7 сур. қар.).

Толтыруға міндетті өрістер «*» белгісімен белгіленеді.

сур. 1.7

Ұйымды тіркеудің бірінші қадамында пайдаланушы өзі қатысуды жоспарлап отырған бір немесе
бірнеше сауда алаңдарын таңдауы, жеткізушінің немесе тапсырыс берушінің рөлін таңдауы, ұйымдық-құқықтық нысаны мен тырнақшасыз ұйымның атауын енгізуі, ұйымның тіркелген елін таңдауы, резидент болып табылады ма көрсетуі, ұйымдық-
құқықтық нысанды таңдауы және егер жеке тұлға тіркелсе, өзінің БСН немесе ЖСН жазуы тиіс (жеке кәсіпкер).

Екінші қадамда ұйымның байланыс деректерін енгізу қажет.

Үшінші қадамда ұйымның нақты және заңды мекен-жайын енгізу қажет.

Төртінші қадамда банк деректемелерін енгізу қажет. Егер ашылмалы тізімде сіздің банкіңіз болмаса, онда Техникалық қолдауға жүгіну қажет.

Ұйымды тіркеудің бесінші қадамында рөліне қарай жүйеге
қажетті құжаттарды жүктеу қажет. Құжаттарды тіркеу үшін “Файлды таңдау” батырмасы қолданылады. Жүктеуге арналған рұқсат етілген файл түрлері: .rar, .doc, .docx, pdf, .gif, .png, .jpg, .txt.

Маңызды! Жер қойнауын пайдаланушылар алаңында Тапсырыс беруші рөліндегі ұйым үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша деректерді толтыру қажет (1.8 сур. қар.).

сур. 1.8

Жеткізуші рөлінде ұйым үшін пайдаланушы «ҚҚС төлеуші» және «Бизнес-ақпарат» қосымша
өрістерін толтыруы қажет.

«Ұйым жазылымдары» өрісі жеткізушіге статистикалық классификатор бойынша ЖҚТ-ның таңдаулы кодтарына жазылуға мүмкіндік береді. Тапсырыс беруші ЖҚТ-ның бірдей кодтары бойынша сатып алуды жариялаған кезде жеткізуші электрондық поштаға хабарлама алады. Бұл өрісті толтыру міндетті емес
(1.9 сур. қар.).

сур. 1.9

Барлық деректерді толтырғаннан кейін «Caspy Tender электрондық сатып алу жүйесінде қызмет көрсету туралы шарттың» талаптарымен танысып, қабылдау қажет. «Сақтау» және «Қол қою» батырмасын басу.
Қосылатын ұйымға Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген ұйымның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылуы тиіс.

Аккредиттеу

Тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін пайдаланушының ЭСЖ-да мүмкіндіктері шектеулі болады.
Жүйе әкімшісі өтінімді қарағаннан және аккредиттеу рәсімін жүргізгеннен кейін, пайдаланушының ұйымын түпкілікті тіркеу жасалатын болады,
және ЭСЖ-ның қосымша функцияларына қолжетімділік алынатын болады, осы уақытқа
дейін ұйым «Аккредиттеу» мәртебесінде болады.
Енгізілген ақпаратты растайтын құжаттарды алғаннан және оларды тексергеннен кейін,
жүйе әкімшісі ұйымның тіркеулік жазбасының қосымша мүмкіндіктерін іске қосады, бұл пайдаланушыға рәсімдерге қатысуға және/немесе оларды ұйымдастыруға, сондай-ақ ЭСЖ-дағы рөлінде көзделген өзге де әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.
Алаң әкімшісі бұғаттаудың себебін міндетті түрде көрсете отырып, ұйымды бұғаттай алады, содан кейін пайдаланушы ұйым атынан әрекеттерді орындай алмайды. Ұйымды
бұғаттан шығару үшін пайдаланушы ЭСЖ-ның техникалық қолдауына жүгінуі қажет.

Оглавление

Заказать обратный звонок

Кері қоңырауға тапсырыс беру