d. Сатып алу рәсімдеріне қатысуға өтінім (баға ұсынысын) беру
Жалпы бөлім
Сатып алу рәсімдеріне қатысуға өтінім беру үшін «Конкурстар» қойындысына өту қажет, онда өзекті сатып алулардың толық тізімі көрсетіледі (3.1 сур. қар.).

сур. 3.1
Белгілі бір параметрлер бойынша нақты сатып алуды іздеу үшін «Сүзгі» іздеу өрісін шертіп, оны баптап, «Іздеу» батырмасына басу керек немесе пернатақтада «ENTER» пернесін
басу керек (3.2 сур. қар.).

сур. 3.2
Қажетті сатып алуды анықтағаннан кейін сатып алу нөмірін шерту керек (3.3 сур. қар.).

сур. 3.3
Сатып алу парағы ашылады, қажет болған жағдайда «Негізгі деректер» бөлімінде хабарландырумен және «Қосымша ақпарат» бөлімінде ақпаратпен танысуға болады. Сіз сондай-ақ танысу үшін сатып алу құжаттамасын жүктей аласыз (3.4 сур. қар.).

сур. 3.4
Баға ұсынысын беру үшін «Өтінім беру» батырмасын басыңыз (3.5 сур. қар.).

сур. 3.5
«Өнім беруші туралы мәліметтер» бөлімінде көрсетілетін деректердің дұрыстығын тексеру және банк деректемелерін таңдау қажет. Деректерді редакциялау қажет болған жағдайда
«Ұйымдар» немесе «Жеке ақпарат» бөліміне өтіңіз. Деректер дұрыс болса,
«Әрі қарай» батырмасын басыңыз (3.6 сур. қар.).

сур. 3.6
«Лоттарды таңдау» бөлімінде лоттарды белгілеп, таңдалған лоттардың құжаттамасын жүктеп алу керек. Лоттарды таңдау процедурасы аяқталғаннан кейін «Әрі қарай» батырмасын басыңыз (3.7 сур. қар.).

сур. 3.7
«Баға ұсынысы» бөлімінде әр лот бойынша Сіздің баға ұсынысыңызды көрсетіп, «Әрі қарай» батырмасын басу қажет (3.8 сур. қар.).

сур. 3.8
Ескерту: таңдалған лоттардың барлық позицияларына баға ұсыныстарын беру қажет.
«Құжаттарды жүктеу» бөліміне өткеннен кейін тізімнен өтініміңізге құжаттаманы жүктеу немесе таңдау қажет. Құжаттама парағы екі бөлімнен тұрады.
«Барлық сатып алу үшін ұсынылатын құжаттар» және «Әр лотқа бөлек ұсынылатын құжаттар» (3.9 сур қар.).

сур. 3.9
Ескерту: Жүктеуге міндетті құжаттар «*» белгісімен белгіленген
«Конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға арналған құжаттар тізімі
Барлық сатып алу үшін ұсынылатын құжаттар:
1. Лицензияның, рұқсаттың (хабарламаның), патенттің, куәліктің, сертификаттың, дипломның электрондық көшірмесі. (Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған лицензияның, рұқсаттың
(хабарламаның), патенттің, куәліктің, сертификаттың, дипломның қағаз түріндегі немесе
электрондық құжат түріндегі электрондық көшірмесі, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады (конкурстық құжаттамада тиісті талаптар болған кезде)
2. Банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама. * (Банктің немесе банк филиалының алдында анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті өнім берушінің міндеттемелері бойынша
мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігі туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін
банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі қойылған анықтамасының электрондық
көшірмесі (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдерді
ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте берілмейді
3. Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар)
екендігі туралы мәліметтер. * (мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін, конкурстық өтінімдер ашылған күнге дейін үш айдан ерте емес берілген берешектің жоқ
(бар) екендігі туралы мәліметтер)
4. ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлік немесе ҚҚС төлемеушінің мәртебесін растайтын экран суреті (егер әлеуетті өнім беруші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі не
электрондық құжаттың қағаз көшірмесі.)
5. Консорциум туралы келісімнің электрондық көшірмесі. (егер Сіздің компанияңыз Консорциумда болмаса, онда бұл өрісті бос қалдырасыз)
6. Тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама. * (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66
бұйрығымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының 6-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020771#z4) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20771 болып тіркелген)
7. Конкурсқа қатысуға өтінім. * (№ 73 Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша
конкурсқа қатысуға өтінім) нысанды жүктеу үшін сілтеме: https://caspytender.kz/wiki/form3
8.
1. ТЖҚ техникалық ерекшелігі және осы ерекшелікке сәйкестігін растайтын құжаттар. *
(тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық,
сапалық және пайдалану сипаттамалары сипатталған техникалық ерекшелік, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар)
9. Тапсырыс берушінің банктік шотына кепілді ақшалай жарнаның енгізілгенін растайтын төлем тапсырмасы – конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде ұсынылады. (осы Қағидалардың 147-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің банк шотына конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын төлем тапсырмасының электрондық көшірмесі (ҚР ҰЭМ 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидалары).
Әлеуетті өнім берушілер конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді, егер:
1) шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылса және олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жалпы құндық мәндегі көлемі конкурс бойынша
алты мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса;
2) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндіретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдар және олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі конкурс бойынша құндық мәндегі айлық есептік көрсеткіштің он сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын ұйымдар болып табылса.
10. Әлеуетті өнім берушінің стратегиялық тауарды өндіруші болып табылатындығын растайтын құжаттар (егер конкурс стратегиялық тауарды сатып алуға жарияланған жағдайда, онда әлеуетті өнім берушінің тиісті құзыретті органнан алынған стратегиялық тауарды өндіруші болып табылатынын растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылады)
11. Басқа – Қосымша құжаттар бар болса.
«Баға ұсынысын сұрау» тәсілімен сатып алуға қатысуға арналған құжаттар тізімі
Барлық сатып алу үшін ұсынылатын құжаттар:
1. Лицензияның, рұқсаттың (хабарламаның), патенттің, куәліктің, сертификаттың, дипломның электрондық көшірмесі – конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде ұсынылады. (Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын лицензияның, рұқсаттың (хабарламаның), патенттің, куәліктің, сертификаттың, дипломның қағаз түріндегі немесе электрондық құжат түріндегі электрондық көшірмесі)
2. Консорциум туралы келісімнің электрондық көшірмесі (егер Сіздің компанияңыз Консорциумда болмаса, онда бұл өрісті бос қалдырасыз) (егер Сіздің компанияңыз Консорциумда болмаса, онда бұл өрісті бос қалдырасыз)
3. Тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама. * Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе электрондық тіркеу жүйесін пайдаланатын анықтаманы берген мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына сілтемесі бар әлеуетті өнім берушінің өтініші;
(заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін – қызметтің
басталғаны туралы хабарламаның сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме
не Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне сілтемені не кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжатты қамтитын әлеуетті өнім берушінің қызметінің басталғаны туралы хабарламасы не өтініші)
4. Консорциум қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалардың электрондық көшірмелері. (заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) үшін -Консорциум туралы келісім және консорциумға қатысушыларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар, егер Сіздің компанияңыз Консорциумда тұрмаса, онда осы жолақты бос қалдырасыз)
5. Баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға өтінім. * (№ 73 ереженің 3 қосымшасына сәйкес 5-нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім) Нысанды жүктеу үшін сілтеме: https://caspytender.kz/wiki/form 5 )
6. ТЖҚ техникалық ерекшелігі және осы ерекшелікке сәйкестігін растайтын құжаттар. *
(тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық,
сапалық және пайдалану сипаттамалары сипатталған техникалық ерекшелік, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар)
7. Басқа – Қосымша құжаттар бар болса.
Өтінімді беруді аяқтау үшін өтінімді сақтау және оған қол қою қажет. Егер бәрі дұрыс жасалса, онда өтінімнің мәртебесі «Берілді» болып өзгереді (3.10 және 3.11 сур. қар.).

сур. 3.10

сур. 3.11
Берілген өтінімнің мәртебесін тексеру
Өтінімді қарау және кері қайтарып алу үшін «Кабинетте» «Өтінімдер» бөлімін таңдау қажет (3.12 сур. қар.).

сур. 3.12
Егер сіз бәрін дұрыс жасасаңыз, онда сіздің өтінішіңіз «Берілді» мәртебесінде көрсетіледі. Өтінімді көру үшін «көзшені» басыңыз. Өтінімді қайтарып алу үшін «қайтарып алу» батырмасын басыңыз (3.13 сур. қар.).

сур. 3.13